27
февраль
2026
«Баланың қалыпты дамуының жобалы белгілері»
«Баланың қалыпты дамуының жобалы белгілері»Дайындаған: педагог-психолог Шаяхметова А
Бала өмірінің алғашқы айлары мен жылдарындағы даму нормасын білу керек, өйткені ауытқулар болып жатқан жағдайда дер кезінде байқап, сол ауытқуларды дұрыстау үшін. Баланың орта көрсеткіштерінен қалыс дамуы, оның ерекше екенін айтады.
1 жасқа дейін бала 7-14 сөзді қолданады, бір нәрсемен 15 минуттай алданады, "болмайды" деген сөзінің мағынасын түсінеді, жүре бастайды (+ 2 ай).
1,5 ( бір жарым) жасқа дейін бала 30-40 сөзді біліп айта алады, жақсы жүреді, суреттердегі заттарды таниды, көрсетеді, оған бағытталып айтылған сөзді жақсы түсінеді. Баланың негізгі сұрақтары - Не? Кім?
**************
2 жасқа келгенде 300-400 сөз біледі, баланың негізгі сұрақтары- Бұл не? Бұл кім? Зат есімдерді, есімдіктерді, сын есімдерді, үстеулерді, етістіктерді біледі. Мысалы Бұл не? Ол қандай.? Нешеу? Фразалық, тіркестік сөйлеу қалыптасады (қыздарда көбінесе 1,5 жасқа дейін). Сұрақтардың болуы баланың психикалық жақсы, дұрыс дамуын көрсетеді. Қарындашты жұдырыққа қысып алып, сызықтар салады, текшелерден мұнара салады.
2,5 (екі жарым )жасқа қарай шамамен 1000 сөзді біледі. Бағытты көрсететін Қайда? Қайдан? Қашан? деген сұрақтар пайда болады. Бұл жаста баланың сөйлемеуі немесе сөз дамуының кешігуі психикалық дамуы кешігіп жатыр ма немесе құлағы естімей ме (саңырау ма) деген күдік туғызуы керек.
**************
3 жасар баланың Неге? деген сұрағы туындайды. Егер балаға жетелеуші сұрақтар қойып көмектессе, естігенін және көргенін айтып береді. Күрделі сөйлемдерді қолданады, бұл оның ойлау қабілетінің күрделенуін көрсетеді. Біреу, аз, көп дегенді түсінеді, сол және оң жақтарын ажыратады. Затқа тән бір белгі бойынша ол тұтас нәрсені біле алады: мысалы құлақ арқылы – қоянды тани қояды, ұзын мұрны арқылы пілді біле алады.
3,5 (үш жарым) жасқа қарай ол құрастыра бастайды, жоспарлау элементтері пайда болады. Белгілі бір заттарды көргенде, ал сәл кейінірек өзімен жасты балалармен бірге ойнағанда, рөлдік ойын элементтері пайда бола бастайды. Бала сезімтал (эмоционалды) болады: мақтаншақ, өкпелегіш, қуанышты, мұңлы, мейірімді, қатыгез, қызғаншақ, біреуді аяп, жаны ашығыш болады.
***************
4 жасында ол әлі көрмеген, бірақ оған сол нәрсе туралы айтып, жақсы түсіндіріп берсе, сол нәрсені түсіне алады. Сурет бойынша қарапайым, бірақ нақты түсінікті әңгіме құрастырады, ересек адам бастаған сөйлемді мағыналы түрде аяқтайды, белгілі бір ұғым туралы ойды жалпылап, қорытындылай алады. Негізгі сұрағы -Неге? (психикалық дамуы тежелген баланың Не? Қайда? Қайда? (где?) деген сұрақтары басым болады). Өзімен жасты балалармен рөлдік ойын ойнай алады. 40-50 минутқа дейін бір нәрсемен алданып, ойнап, бір нәрсе жасап отыра алады.
4,5 (төрт жарым) жасында ол мақсат қоя алады және оған жетуді жоспарлай алады. Не үшін? Деген сұрақ қояды.
5 жасында бала өзінің тегін, атын, әкесінің атын, жасын, мекен-жайын, үйге баратын көлігін атай алады. Құрастырма ойынын қолдана алады, ойыншықты схемаға сәйкес жинай алады. Барлық дене мүшелерімен адамның суретін сала алады.
****************
5,5 (бес жарым) жастан бастап балаға оқытудың барлық түрлерін беруге болады, ол негізінен оқуға дайын.
6 жасында бала шамамен 4000 сөз біледі. Балаға қарапайым мақал-мәтелдердің мағынасы түсінікті болады, ол суреттердің сюжеттік байланысын оңай көріп, әңгіме құрайды. Қарапайым арифметикалық есептерді шеше отырып, заттарды оңай ортақтастырады және бөлектейді. Көптеген ойындарды біледі, сюжетті өзі ойдан құрастырады. Айналасында, уақытта (кеше, бүгін, ертең), адамдар арасындағы қарым-қатынаста бейімді. Адамның суретін салып отырып, бас пен дененің арасына мойнын салады, киімін, аяқ киімін салады.