02 апрель 2020 0 1 2 3 4 5 Дәрігерлерге мың алғыс! View this post on Instagram 🌺🌺🌺Дәрігерлерге мың алғыс! Қас-қабағын бағып ұдай науқастың, Ағаруы тегін бе еді тал шаштың. Қарсы тұрып ажал дейтін дүлейге, Денсаулықтың майданында шайқастың. Демейсің–ау, шаршасаң да шаршадым, Бір басында жүрер сенің қанша мұң. Жүрегіңнің бар жылуын жеткізіп, Тұрғандай–ақ дірілдейді саусағың. Ажарында нұр ойнайды жараса, Науқастардың беті бермен қараса. Ауыр ойдан айыға алмай жүргенің Адам үшін ұзақ өмір, араша. -------------------------------------------------- 👩⚕️👨⚕️Ақхалатты абзал жандар жайлы өлең жолдары өте көп. Себебі дәрігерлердің адам өмірін сақтауда атқарар қызметі өте зор. 🌷🌷Бүгінгі таңда әлемдік індетпен күресіп жатқан барша #дәрігерлер қауымына алғысымыз шексіз!👏👏👏 🏠🏠Үйде болыңыз, сіздің үйде отырғаныңыз ел үшін ең үлкен көмек. #дәрігерлергемыңалғыс#бізбіргеміз#үйдебол#алатаубілімбөлімі#76ұжымы#76бүлдіршіндері A post shared by КМҚК №76 бөбекжай балабақшасы (@bobekjai_balabaksha_76) on Apr 2, 2020 at 5:56am PDT