11
февраль
2020
"Жырлайды жүрек" атты поэзия кеші
Балабақшамызда Мұқағали Мақатаевқа арналған "Жырлайды жүрек" атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
Аудандық ашық оқу қызметі
Мұқағали Мақатаев қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. «Өмір,достық, махаббат» — деген үш асыл дүниені ұштастырып керемет туындыларды дүниеге әкелді. Өмір, достық, махаббаттан тұратын туындылар сазды кешімізде орындалды. Көрермендердің көз алдына ақын жырлап өткен заманның бейнесін елестете отырып, қуаныш пен қайғыны, сағыныш пен мұңды бөлісіп, қалың қазақпен сырлас болған ақын жырларының сазды әуенімен тербеді. Әр сөзі қорғасындай салмақты ақынымыз тірі болғанда 89 жасқа толар еді деген ой қалдырып, ақынға деген сағыныш сезімін оятты.
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?! Айтамын деп қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?! Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды – деп аз ғана уақытта көптеген ұлы жырларын дүниеге әкелген ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдері мәңгі қазақтың жүрегінде естелік болып қалады.
Кештің соңында балабақшамыздың психологі тренинг өткізуде.