02
ноябрь
2022
"Біздің балабақшаның инновациялық іс әрекеті"
Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр.Осы міндеттердің бірі — білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгеру. Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды.
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар:
1. Монтессори
2.Ұлттық құндылықтар арқылы ""Ойын және логика"
3. Балабақшадағы балаларды ертегі терапиясы арқылы тәрбиелеуде ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын тиімді қолдану
4. Денсаулық сақтау технологиясы
5. Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Сол себепті балабқшада әр түрлі құралдарды пайдалана отырып баланы дамыту үшін ойындар дайындау.