04 май 2020 0 1 2 3 4 5 2020 жыл 9 мамыр күні Ұлы Жеңіске 75 жыл View this post on Instagram 🌟🌟🌟2020 жыл 9 мамыр күні Ұлы Жеңіске 75 жыл толады. Қатал сынақтардан өтіп, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, жауға төтеп берген және жеңіске жеткен біздің соғыс ардагерлеріміз!Соның ішінде біздің балабақшада тәрбие,білім алып жүрген Нихат Асланның атасы-Әлімбеков Ташаухан. ----------------------------------------------------⚜️⚜️⚜️Ардақты атамыз,Әлімбеков Ташаухан 1925 жылы 15 сәуірде Нарынқол ауданы,Каленин атындағы колхозда кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. -----------------------------------------------------1943 жылы мамыр айында "Соц-Қазақ" орта мектебінде оқып жүргенде Ұлы Отанын қорғауға армияға кетеді. Шығыс майданында шекараны Жапон әскерінен қорғауда қызмет атқарды. Совет Жапон арасындағы соғысқа қатысады.-------------------------------------------------------------------------------------------- 1948 жылы жеңіспен туылған ауылына келеді. 1948-1950 жылдары Нарынқол аудандық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі,кейін ІІ секретарь болып қызмет атқарады.-----------------------------------------------------------------------------------------------1950-1960 жж. Нарынқол аудандық партия комитетін,комсомол кәсіподақ ұйымдарының басқаратын бөлімнің нұсқаушысы. 1961-1964 жж. Каленин атындағы колхоздың партком секретары қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде екі рет аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланды. Бірнеше рет аудандық советтің депутаты,осы жылдарға дейін райкомның мүшесі болып келді. 👏👏👏Марапаттары: "Құрмет белгісі" ордені, "Еңбектегі ерлігі" медаль, В.И.Лениннің 100 жылдық мерекелік медалі. Бес жауынгерлік медальмен марапатталды. Бүгінде 20 немере,17 шөбере сүйіп отыр. ----------------------------------------------------🙌🙌🙌Біз өзімізді осындай бейбіт өмірге жеткізіп, тамаша, жаңа тыныш заманда ұрпақ өсіруге мүмкіндік әкелген атамыздың ерлігі алдында басымызды иеміз.Даңқыңыз мәңгі өшпесін!Артынан қалған ұрпақтарына Алла зор денсаулық,ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларына бақ-береке берсін! Сізге мың тағзым!Мың алғыс! #qaharman#алатауауданыбілімбөлімі#76ұжымы#жеңіскүніқұттыболсын#ардагерлергемыңалғыс#данқтарыңызмәңгіөшпесін A post shared by КМҚК №76 бөбекжай балабақшасы (@bobekjai_balabaksha_76) on May 4, 2020 at 7:49am PDT