Кеңес беру пункті » КГКП Ясли-сад №76
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№76 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(72) 43-50-93
Әдіскер:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кеңес беру пункті
02
сентябрь
2024

Кеңес беру пункті

Бекітемін:

КМҚК«№76  б/балабақшасы» 

 меңгерушісі:_____Кубекова Г.А.





Кеңес беру пункті жұмысы

    Кеңес беру орталығында ата аналар мен балаларға кеңес беру мақсатында психолог маманы кабинеті және музыка маманы кабинеттері бар.Кеңес беру орны мамандары бекітілген жұмыс кестесі бойынша жұмыс жасайды. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілгендей:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын сақтау және дамыту қажеттілігін мектепке дейінгі білім беру қызметіне балаларды отбасы жағдайында тәрбиелейтін отбасыларға көмек көрсетуде қол жетімділікті нығайту мақсатында  бірқатар жұмыстар жүргізіледі.

2024-2025 оқу жылында   кеңес беру пункті  мамандарымен бірлесе  отырып  жылдық жоспар   құрылып, оқу жылына кеңес беру пункті мамандарының үш отырысы жоспарлы өткізіледі.

Кеңес беру пункті жұмысы төрт бағытты қамтуға арналған:

- Педагогтармен

- Балалармен

- Ата -аналармен

- Осы ауданда тұратын балалар мен ата- аналарға кеңес беру.

Кеңес беру пункті мамандарына «№76  б/балабақшасы» МКҚК жақын орналасқан Теректі ықшам ауданында тұратын отбасылар қамтылды. Тәрбиеші, педагог- психолог, музыкант,әдіскер, меңгеруші мамандары тарапынаната-аналарға балаларды мектепке қалай дайындау керектігі жөнінде «Баланы балабақшаға бейімдеу», «Кел, танысайық!?», «Біз балалармен қалай сөйлесеміз?», «Ата-аналардың өтініші бойынша» т.б.атты тақырыптарында кеңестер беріліп, экспресс-сауалнамалар, тренингтер, тесттер жүргізіліп зерттеледі.

Зерттеу мақсатында:

-Мектепке бармайтын балалар саны;

-Балалардың тұрмыс жағдайын және әлеуметтік психологиялық анамнезі;

-Кеңес беру орны туралы мағлұмат берілді.

Барлық  бала саны : КП-3 ОК-3

Балалардың жасы

Саны

Пайыздық көрсеткіш

1-2

0

0%

2-3

1

26%

3-4

1

26%

4-5

1

26%

5-6

0

0%

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей  отбасылардың барлығы жұмыспен қамтылған, тұрмыстары жақсы. Тек  кейбір отбасыларында әйел адамдар сәби күтіміне байланысты уықытша жұмыста жоқ.Осы үйлерде тұратын тұрғындардың 83  баласы    мектепке дейінгі мекемелерге орналаса алмай отыр.Жыл бойына осы аудан тұрғындары арасынан: 6адам «Баланы калай балабақшаға орналастыруға болады?»- деген сұрақпен және де бала бойындағы ауытқушылықтар бойынша, (түнде қорқу, мазасыздану, агрессия, гиперактивті) жалпы балалар тәрбиесі жөнінде  3 адам кеңестер алды.

Тақырыбы

Ата- аналар

Педагогтар

1.

Баланың ата -анасымен қарым -қатынасы

3

1

2.

Мазасыздану

0

0

3.

Қорқыныш

0

0

4.

Балалардың бір- бірімен қарым -қатынасы

5

2

Педагог - психолог әр тоқсан сайын педагогтармен және басқа да қызметкерлермен техникалық қауіпсіздік нормаларын сақтау жөнінде нұсқаулар берді.  Ата- аналарға арналған «Қорқыныш пен үрейден қалай арылуға болады?»; «Кел, танысайық!» 2 жасқа қараған балалардың дамуы ерекшелігі«Біз балалармен қалай сөйлесеміз?», «Диагностикалық жұмыстар» т.б. тақырыптарда кеңестер берілді.

Құқық тәрбиесі жөнінде де ата аналарға және тәрбиешілерге кеңестер берілді.Кеңес беру пунктінің мамандары ата – аналармен бірлескен түрде «Балалар – біздің болашағымыз!», «Ата–ана құқығы мен міндеті» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізіледі.

         Кеңес беру пункті мамандарына қамтылған ата-аналарға отбасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және педагогикалық үрдісті барлық қатысушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін көрсете білу, кеңістік бірлігінің (балалар, ата-аналар, педагогтар, қоғам) туындауына ықпал ету мақсатында«Баланы б/балабақшаға бейімдеу» жөнінде терең мағлұматтар беріліп,«Денсаулық және күн тәртібі»» атты тақырыптарда сауалнамалар  жүргізілді.

Қорытынды: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын сақтау және дамыту қажеттілігін мектепке дейінгі білім беру қызметіне балаларды отбасы жағдайында тәрбиелейтің отбасыларға көмек жеткілікті деңдейде көрсетілуде.  Тәрбиеленуші балалардың жас ерекшелігіне байланысты топ тәрбиеленушілерімен эмоциональды көңіл-күйі, бойындағы үрей деңгейі, қорқыныш пен баланың жан-жақтылығын анықтау, бір-бірімен жандалдасқан уақытта жанжалдан шығу әдістері  бойынша тәрбиеленушілердің ата-аналарына   кеңестер берілді.

Ұсыныс:Баланың дамуына ата-ананың белсенділігін арттыру. Психологиялық-әлеуметтік жағдайына көмек көрсетудегі басқарушылықты  одан әрі жетілдіру. 
 
 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив